Жеңіл атлетика
Бүгін 22:19

Қазақстандық атлет жасөспірімдер Олимпиадасында бесінші болды

©ҚР ҰОК

Қазақстандық жеңіл атлет Максим Сажнев Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында диск лақтыру сайысында өнер көрсетті.

Отандасымыздың үздік көрсеткіші – 55,05 метр. Осы нәтижемен ол жарысты бесінші орынмен аяқтады.

Мысыр өкілі Яхья Саваби дискіні 68,23 метрге лақтырып, жеңімпаз атанды. Екінші орынды Ямайка спортшысы Камари Кеннеди (66,31 метр) иеленсе, үздік үштікті чилилік Витторио Горзилья (56,00 метр) түйіндеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport