Қазақстандық жеңіл атлет Ирина Конищева Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында қола жүлдегер атанды.
Отандасымыз жетісайыста үшінші нәтиже көрсетті.
Конищева барлық жеті бағдарлама қорытындысы бойынша 5270 ұпай жинап, қола жүлдеге ие болды.
5562 ұпай жинаған Иран спортшысы Фатеме Мохитизаде алтын алса, өзбекстандық Угилой Норбоева 5488 ұпаймен күміске қол жеткізді.
Жарнама