1XBET - ставки на спорт |

Жарнама

Жеңіл атлетика
9 ақпан 11:56
 

Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында жеті жүлде алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан құрамасы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында жеті жүлде алды ©

Тяньцзинь қаласында (Қытай) жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.

blog.share

Тяньцзинь қаласында (Қытай) жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.

Аталған құрлықтық біріншілікте Қазақстан құрамасы 7 жүлде жеңіп алды.

Алина Чистякова (бессайыс), Нора Джеруто (3000 метр), Қазақстан әйелдер құрамасы 4×400 метрлік эстафетада (Кристина Кондрашова, Марина Шувалова, Анна Шумило, Аделина Земс) алтын жүлде жеңіп алды.

Биіктікке секіруде ел намысын қорғаған Надежда Дубовицкая күмістен алқа тақты.

Нора Джеруто (1500 метр), Мария Ефремова (үш қарғып секіру), Қазақстан ерлер құрамасы 4×400 метрлік эстафетада (Вячеслав Земс, Мәди Төкенов, Андрей Соколов, Эльнор Мухитдинов) қола жүлдеге ие болды.

Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы төртінші орынға тұрақтады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!