Легкая атлетика
10 шілде 2017 11:59
 
Қазақстан Азия чемпионатында жүлделер саны бойынша үшінші орында

  Пікірлер

blog.share

Қазақстан Азия чемпионатында жүлделер саны бойынша үшінші орында © Odisha2017.games

Жеңіл атлетикадан өткен Азия чемпионатында Қазақстан жүлделер есебі бойынша үшінші орын иеленді, - деп хабарлайды еліміздің Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі.

Үндістанның Бхубанешвар қаласында өткен төрт күндік жарысты Қазақстан құрамасы төрт алтын, екі күміс және екі қола жүлдеге қол жеткізді.
Жарыстың соңғы күні 200 метрге жүгіруден Виктория Зябкина алтынға қол жеткізгенімен қоса, Азия маусымындағы үздік уақытты (23.10 секунд) көрсетті. Осылайша, 2017 ол Азияның үш дүркін чемпионы атанды. Мұның алдында ол 100 метрге жүгіруде бірінші болды және эстафета құрамында да жеңімпаз атанған еді.

Ел қоржынына төртінші алтынды ұызндыққа секіруден Мария Овчинникова салды. Алғашқы жарысында 13 метр 72 сантиметрге секіріп, ол құрлықтың үзідігі болуымен қатар Лондондағы әлем чемпионатына жолдама ұтып алды.

Осы жарыс түрінен Ирина Эктова күміске қол жеткізді.

Ольга Сафронова 100 метрге жүгіруден екінші, ал 200 метрге жүгіруден үшінші болып келді. Қазақстан қоржынын ядро лақтырудан Иван Иванов тағы бір қоламен толықтырды.

Осылайша, Қазақстан Үндістан мен Қытайдан кейін үшінші орында. Бұл жарысқа жалпы 43 елдің спортшылары қатысқанын айта кету керек.

Жарнама

Живи спортом!