auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Қазақстан атлеттері Испанияда өтетін марафоннан әлем чемпионатына қатысады

Қазақстан атлеттері Испанияда өтетін марафоннан әлем чемпионатына қатысады
Қазақстандық 7 жеңіл атлет 10 наурыз күні Испанияның Валенсия қаласына оқу-жаттығу жиынына аттанып кетті.

Бұл жиын 24 наурызға дейін жалғасады. Сосын 24 наурыз күні Валенсияда жартылай марафоннан әлем чемпионаты өтеді. Қазақстаннан бұл жиынға 5 ер, 2 әйел марафоншы қатысады. Атап айтсақ, Алексей Гусаров, Артем Косинов, Жанна Мамажанова, Дана Айдосова  (бәрі де – Алматы), Андрей Лейменов, Әмір Байтуканов (екеуі де – ШҚО) және Михаил Красилов (Жамбыл облысы) бар.

Спортшыларды алматылық бапкер Михаил Сорокивский бастап кетті. Сосын олардың қатарына ұлттық құраманың бас бапкері Григорий Егоров пен шыдамылық бойынша аға бапкер Артем Жигалов қосылады деп күтілуде.

Осы 7 жеңіл атлеттің арасында марафонға жүгіріп жүрген ең тәжірибелі атлет деп, Андрей Лейменов пен Миахил Красиловты айтуға болады.

Артем Косинов бұған дейін 3000 метрге кедергілер арқылы жүгірумен айналысқан, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Азия чемпионатында жүлде алған. Қазіргі кезде Косинов бапкерлік жұмыспен айналысып жүр. Былтырғы жылы Душанбеде өткен жартылай марафонға қатысқан. Бапкерлік жұмысқа бет бұрғандардың бірі – Әмір Байтуканов.

Сорокивскийдің шәкірттері Алексей Гусаров пен Жанна Мамажанова бұрын ұзақ қашықтыққа жүгірген болатын. Соңғы кездері марафонға ауысып, өз күштерін сынап жүр. Дана Айдосова болса, бұрын спорттық жүріспен айналысқан.

Айта кетейік, әлем чемпионаты қарсаңында бұларға танымал марафоншылар Гүлжанат Жанатбек пен Елена Наназиашвили қосылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар