Қазақ қызы Роттердамдағы марафонда үздік үштіктің қатарына кірді

©qazathletics

Қазақстандық жеңіл атлет Жанна Мамажанова Нидерландының Роттердам қаласында өткен марафонда үздік үштіктің қатарына қосылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Мамажанова аталған марафонды 2.26.54 уақытта жүгіріп өтіп, жүлделі үшінші орынға жайғасты. Осылайша, Жанна осы жарыстағы Қазақстанның жаңа рекордын тіркеді. 

Бұл марафонда қазақстандық спортшылар арасындағы үздік нәтиже 1987 жылдың 15 қарашасында тіркелген. Ол кезде ең үздік нәтижені Зоя Иванова орнатты. 

Айта кетейік, бұл нәтиженің арқасында Мамажанова әлем чемпионатына жолдама алды. Әлем біріншілігі 2022 жылдың 15 және 24 шілдесінде өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар