Жеңіл атлетикадан Олимпиада ойындарының чемпионы коронавирус жұқтырды

Уэйд ван Никерк. Сурет: bfla.eu©
Жеңіл атлетикадан Олимпиада ойындарының чемпионы оңтүстікафрикалық Уейд Ван Никерка коронавирус жұқтырып алды. Бұл туралы "Чемпионат" порталы "Чемпионат" басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

28 жастағы спортшы Тиесте (Италия) қаласында тест тапсырған. Бүгін ол осы қалада өтетін жарысқа қатысуы керек болатын. 

Уэйд Ван Никерк - Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарында 400 метрге жарыста топ жарды. Дәл осы дистанцияда ол екі рет әлем чемпионы атанған. 

Олимпиада ойындарының алтынын ол әлем рекордын жаңартып жеңді. Оның көрсеткіші 43,03 секунд. Бұған дейін рекорд америкалық Майкл Джонсонға тиесілі еді. Ол 1999 жылы 43,18 көрсеткішімен рекорд орнатқан. 



Метки:
Жаңалықтар