Жеңіл атлетикадан Қытайдың Ордос қаласында жастар арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда.
Бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан жүлдеге іліге алмады.
Екатерина Пузырева 100 метрге жүгіруден ақтық сында 12,24 секунд уақыт нәтижесімен жетінші сатыға табан тіреді.
Ақбілек Құралбай 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден финалда өнер көрсетті. Ол 11:11,60 уақыт көрсеткішімен мәреге жетіп, алтыншы орын алды.
Сондай-ақ, бірінші жарыс күні Аяна Болатбекқызы 800 метрге жүгіруден іріктеу кезеңінде 2:09,43 уақыт нәтижесімен үшінші орынға тұрақтап, финалға өтті. Дәл осы бағдарламада Виктория Сукачева 2:12,10 нәтижемен оныншы орын алып, финалсыз қалды.
Ал Александр Жигарь ерлер арасында 800 метрге жүгіруден 2:00,02 уақытпен тоғызыншы орын алып, іріктеуден өте алмады.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 12 шілдеге дейін жалғасады.