Жеңіл атлетикадан Astana Meeting World Indoor Tour жарысы өтеді

©gov.kz

23 қаңтарда Астана қаласының "Qazaqstan" жеңіл атлетика кешенінде жеңіл атлетикадан Astana Meeting World Indoor Tour өтеді.

World Atletics indoor tour – бұл 2016 жылдан бері өткізіліп келе жатқан жабық жайдағы жеңіл атлетика жарыстарының жыл сайынғы сериясы. Серия жабық манеждегі жеңіл атлетика жарыстарының беделін арттыру мақсатында "Гауһар лигасының" үлгісінде жасалған.

Astana Meeting жарыстың күміс мәртебесіне ие. Бағдарламаға жеңіл атлетиканың 9 түрі енгізілген. Жарыстың әр түріне отандық спортшылармен қатар шетелдік спортшылар бақ сынасады. Жарысқа АҚШ, Португалия, Бразилия, Эфиопия, Марокко, Куба, Барбадос және т.б. елдерінен де спортшылар қатысады.

Бағдарламаның әр түрінің жүлде қоры 4 000 АҚШ долларын құрайды.

Бұл жарыс отандық жеңіл атлетиканың халықаралық деңгейдегі беделін және спортшылар арасындағы бәсекелестікті арттырады. Astana meeting еліміздің және Азия өңірінің жеңіл атлетикасындағы ең беделді жарыстардың біріне айналады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар