Орегонда (АҚШ) өтіп жатқан жеңіл ателтикадан әлем чемпионатында 400 метрге кедергілермен жүгіруден жүлделік жарыс аяқталды, деп хабарлайды "Чемпионат".
Бұл жарыста АҚШ өкілі Сидни Маклафлин бірінші болды. Осылайша, ол алтын жеңіп алды және рекорд орнатты. Енді бұл көрсеткіш 50,68 секундқа тең. Айта кету керек, Маклафлин осы жолы 2020 жылғы Олимпиадада орнатқан өз рекордынан асып түсті. Ол кезде спортшы осы қашықтықты 51,46 секундта жүгіріп өтті.
Жарыста екінші орында нидерландылық Фемка Бол болды (52,27), ал үшінші тағы бір америкалық Дэлила Мухаммад - 53,13.