auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жеңіл атлетика федерациясы Қазақстан құрамасына алынған кениялықтар туралы айтып берді

IAAF рейтингінде Нора Джеруто әлемде екінші.

Жеңіл атлетика федерациясы Қазақстан құрамасына алынған кениялықтар туралы айтып берді
© vksport.kz
Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы Кения елінің бес адамына "спорттық азаматтық" рәсімдеу шарасын бастап кетті, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ұйым өкілдерінің айтуынша, төрт спортшы - Нора Джеруто, Каролин Кипкируи, Дэйзи Джэпкимэй, Шэдрак Коэч және олардың бапкері Кеннет Кепиего Ротич 2018 жылы желтоқсанда Қазақстан азаматтығын алды. 2019 жылдан бастап атлеттер Шығыс Қазақстан облысы құрамасының атынан өнер көрсететін болады. "Сонымен қатар, олар "Алтай Атлетикс" клубының мүшелері.

Қазіргі уақытта федерация "спорттық азаматтықты" рәсімдеу шараларын бастап кетті. Оларды Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы (IAAF) өз ережелеріне сай тіркейтін болады. IAAF рейтингіне сәйкес қазіргі уақытта Нора Джеруто 3000 метрге кедергілермен жүгіру бойынша екінші орында тұр, ал Каролин Кипкируи - бес мың метрге жүгіруден сегізінші орында, он шағырымға жүгінруден бірінші орын, үш мың метрге жүгіруден екінші орында. Өз кезегінде Дэйзи Джэпкимэй үш мың метрге жүгіруден оныншы орында", - делінген федерацияның ресми жауабында.

Жеңіл атлетикада соңғы өткен Қазақстан біріншілігінде ШҚО атынан бес кениялық спортшы өнер көрсетті. Еліміздің бас бапкері Григорий Егоров атлеттердің қазақстандық азаматтығын алғанын растады. Алайда мән-жайымен бөлісуден бас тартты. Айта кетейік, Ротич "Алтай Атлетикс" клубында бапкер-менеджер қызметін атқарады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар