Легкая атлетика
7 шілде 2017 21:05
 
Ишангулиева мен Ахметова – финалда

  Пікірлер

blog.share

Ишангулиева мен Ахметова – финалда

Үндістандағы Азия чемпионатының екінші жарыс күнінде әйелдер арасында 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгірген қазақстандық Мерджен Ишангулиева мен Аделина Ахметова финалға жолдама алды, деп хабарлайды Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі.

Бхубанешварда 400 метрге тосқауылдар арқылы жүгірген қыздардың арасында жапониялық Кира Манами, вьетнам қызы Нгуен Тхи және жарыс қожайыны Зайна Мурму сияқты мықтылар бар. Сондай-ақ осы маусымда өздерің жақсы қырынан көрсетіп жүрген бірнеше атлет жүгірді.

Жалпы, сөреге 12 спортшы шықты. Ұйымдастырушылар оларды екі топқа бөлді. Әр топтан үздік үшеуі және уақыт көрсеткіштеріне байланысты тағы екеуін іріктеп алды. Финалға 8 атлет жолдама алды. Олардың арасында қазақстандық Мерджен Ишангулиева мен Аделина Ахметова да болды.

Мерджен бірінші топпен бірге жүгірді. Жерлесіміз шеберлігі жағынан ешқайсысынан қалыс қоймайтынын дәлелдей алды. Тек жапониялық Манамиға есе жіберіп, мәреге екінші келді. Ишангулиеваның уақыт көрсеткіші  – 58.16 секунд.

   Ал Азия чемпионатының дебютанты 19 жастағы Аделина Ахметова екінші топта жүгірді. Қарағандылық атлет мәреге бесінші болып жетті. Уақыт көрсеткіші – 1:01.34. Бұл топтың үздігі вьетнамдық Нгуен Тхи – 57.34. екінші орында – Зайна Мурму (Үндістан) – 57.96. Үштікте тағы бір үнді қызы Ану – 58.26.

Жарнама

Живи спортом!