Дубайдағы АЧ-де Қазақстан тағы үш жүлде қоржынға салды

©OpenNews

Араб Әмірліктерінің астанасы Дубайда өтіп жатқан 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында қазақстандықтар тағы 3 жүлде жеңіп алды. 

Сырықпен секіруден қыздар арасындағы сында Анна Черкашина күміс жүлдегер атанды.

Ал Иван Сенин онсайыстан үздік үштікке енді. 

400 метрге жүгіруден қыздар арасындағы бәсекеде Мария Шувалова қола жүлде иеленді. 

Еске салайық, бұған дейін Фаина Мейірманова биіктікке секіруден күміс иеленген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар