auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Бирмингемдегі "Гаухар лигада" Рохас, Ибаргуэн, Рыпакова үштігі тағы сынға түседі

Бирмингемдегі "Гаухар лигада" Рохас, Ибаргуэн, Рыпакова үштігі тағы сынға түседі
Англияның халқының саны жөнінен Лондоннан кейінгі ең үлкен қаласы Бирмингемде жеңіл атлетикадан «Гаухар лига» сайысының кезекті кезеңі өтеді.

Қатысушылардың арасында қазақстандық Ольга Рыпакова да бар. Жеңіл атлетикадағы коммерциялық турнир саналатын «Гаухар лиганың» бұл биылғы маусымдағы он екінші кезеңі. Ал үш қарғып секірушілер осымен төртінші мәрте сынға түспекші. Бирмингемдегі кезеңнің қорытындысы бойынша алдағы екі финалға қатысатындар анықталады. Бірінші финал 24 тамызда Цюрихте, екінші финал 1 қыркүйек Брюсселде өтеді. «Гаухар лиганың» бас жүлдесі – 50 мың доллар.

Ұлыбританиядағы кезеңге үш қарғып секіруден 9 атлет қатысуға ниет білдірген. Оның сегізі Лондонда өткен әлем чемпионатының финалисі. Олар: Юлимар Рохас (Венесуэла), Катрин Ибаргуэн (Колумбия), Ольга Рыпакова (Қазақстан), Анна Князева-Миненко (Израиль), Анна Ягачак (Польша), Шаника Риккетс (Ямайка),  Патрисия Мамона (Португалия), Кимберли Уильямс (Ямайка), Жанин Ассани-Иссуф (Франция).

Бұл жолы бас жүлдеден Рохас, Ибаргуэн, Рыпакова үштігі үмітті. Осы маусымдағы ең жоғары нәтижені де аталған үштік көрсеткен.

Рыпакова негізі Ұлыбританияда көбіне сәтті өнер көрсетеді. Бұған дейін 2012 жылы Лондондағы Олимпиада ойындарында алтын, 2017 жылы әлем чемпионатында қола жүлде алған еді. Ал Бирмингемдегі «Гаухар лига» кезеңдерінде әр жылдары үздік үштіктен табылған. 2012 жылы – үшінші, 2014 жылы – екінші, 2016 жылы – бірінші орын алды.

Қазіргі кезде Цюрихтегі финалға Ибаргуэн, Уильямс, Рохас, Рыпакова, Мамона жолдама алып қойған. Қалған үшеуі осы жолы анықталады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
11 тамыз 2022, 04:35
Жеңіл атлетика
©olympic.kz Ислам ойындарында қоржынға алтын түсті
23 шілде 2022, 15:14
Жеңіл атлетика
©News Bruit Жеңіл атлетикадан ӘЧ-де рекорд орнатылды

Жарнама

Жарнама