Азия чемпионаты: Зябкина, Сафронова, Григорьев жартылай финалға шықты
Азия чемпионатының алғашқы жарыс күнінде 100 метрге жүгірген қыз-жігіттер арасында үш қазақстандық жартылай финалға шықты, деп хабарлайды Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі.
Әйелдер арасында хаттамаға 24 спортшы тіркелген екен. Оның 16-сы жартылай финалға шықты. Атлеттер 4 топқа бөлініп жүгірді. Әр топтан үш спортшы бірден жартылай финалға өтсе, ал қалған төртеуі уақыт көрсеткіштеріне байланысты келесі кезеңге жіберілді.
Үш дүркін жазғы Универсиада ойындарының жеңімпазы Виктория Зябкина 11,50 секундта жүгірді. Сөйтіп, өз тобында өзбекстандық Нигина Шариповадан 0,09 секундқа озып кетті. Бұл топтағы үшінші орын Таиландтан келген Тассапорн Ваннакитқа бұйырды. Ол жерлесімізден 0,38 сек қалып қойды.
Тағы бір жерлесіміз Ольга Сафронова мәреге 11,55 секундта жетті. Керекулік атлет үндістандық Дюти Чандқа 0,15 секундқа есе жіберді.
Ерлер арасында 100 метрге 41 спортшы жүгірді. Олардың арасында қарағандылық қос атлет Владислав Григорьев пен Вячеслав Земс бар. Ұйымдастырушылар қатысушыларды 6 топқа бөліп жүгіртті.
Григорьев өз тобында екінші орын алды (10,51 сек.). Ал жалпы 24 атлеттің ішінде 11-орын алды. Земс дисквалицификация алып, жарысты әріқарай жалғастырмайтын болыпты.
Әйелдер және ерлер арасындағы жартылай финал бүгін Бхубанешвар уақыты бойынша тиісінше, 18:05 және 18:25-те басталады. Финал 21:30 және 21:45-ке жоспарланған. Үндістанның уақыт белдеуі Астанадан 30 минутқа алда.

Жарнама