Легкая атлетика
20 маусым 2019 16:19

Әйелдер жарысынан допингпен шеттелген желаяқ ер адам болып шықты

© Reuters
2017 жылы допинг қолданғаны үшін шеттелген кениялық желаяқ Шиис Чепкосгей ер адам болып шықты, - деп хабарлайды "Р-Спорт" порталы Nairobi News басылымына сілтеме жасап.

Чепкосгей 2016 жылы Малайзияда өткен жартылай марафонда тестостерон, андростерон мен этиохоланон қолданғаны үшін төрт жылға шеттелген еді. 




Чепкосгей кениялық ауруханалардың бірінде өзін медбике деп жүрген. Өзге медқызметкерлер әйелден күдіктеніп, полиция шақырған

Чепкосгей тоғытылғаннан кейін оның биологиялық тұрғыда ер адам екені анықталады. Жақын арада ол жынысын анықтайтын медицицналық тексерістен өтеді.