Легкая атлетика
9 қаңтар 15:43

Астанада жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты өтеді

©ҚР ҰОК

Астанада жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.

Маңызды республикалық жарыс 9 қаңтарда басталады.

Чемпионатқа еліміздің 18 өңірінен, оның ішінде Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары қатысады.

Жарыс барысында 31 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Аталған чемпионат іріктеу ретінде өтеді. Оның қорытындысы бойынша үздік атанған спортшылар алдағы халықаралық жарыстарға қатысатын құрамға енеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport