auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Altay athletics спортшысы Ослодағы «Гауһар лигада» қола жүлдегер атанды

Джипкемей 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден қатысқан болатын

Altay athletics спортшысы Ослодағы «Гауһар лигада» қола жүлдегер атанды
demadonna.com
Шығыс Қазақстан облысының Altay athletics кәсіби жеңіл атлетика клубының кениялық желаяғы Дэйзи Джипкемей Норвегия астанасы Ослода өткен «Гауһар лига» сайысының бесінші кезеңінде қола жүлдегер атанды.

Джипкемей 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден қатысқан болатын. Жалпы, жарыс жолына 12 спортшы шықты. Ослоға бұл сайыс түрінен мықтылардың барлығы келген екен. 2017 жылғы әлем чемпионатының тұғырына көтерілген үштіктің бәрі бой көрсетті. Атап айтсақ, америкалық Эмма Кобурн мен Кортни Фрерикс және кениялық Хивин Киенг Джепкемой.

Ослода бірінші-екінші орынды Киенг Джепкемой мен Кобурн өзара бөлісті. Үштікті Altay athletics Дэйзи Джипкемей қорытындылады.

7 маусым. Осло. «Гауһар лига». Бесінші кезең. 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру.

Әйелдер:

1. Хивин Киенг Джепкемой (Кения) – 9:09.63 мин.
2. Эмма Кобурн (АҚШ) – 9:09.70 мин.
3. Дэйзи Джипкемей (Кения) – 9:16.87 мин.

Жалпы «Гауһар лиганың» 2018 жылғы маусымында 3000 метрге стипль-чезе стиліндегі сайыста жалпы есепте Киенг Джепкемой (16 ұпа) көш бастайды. Екінші орында Кобурн (12) болса, үштікте Джипкемей (8) келеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар