Жеңіл атлетика
5 желтоқсан 2017 13:10
 

Әлемнің ең жүйрік адамына Ямайкада ескерткіші қойылды

  Пікірлер

blog.share

Әлемнің ең жүйрік адамына Ямайкада ескерткіші қойылды © DakarFlash.com

Ямайка астанасы Кингстондағы Ұлттық стадионда ямайкалық спринтер Усэйн Болттың қоладан жасалған ескерткішінің ашылу салтанаты болды, - деп хабарлайды "Р-Спорт" jamaica-gleaner.com басылымына сілтеме жасап.

blog.share

Ямайка астанасы Кингстондағы Ұлттық стадионда ямайкалық спринтер Усэйн Болттың қоладан жасалған ескерткішінің ашылу салтанаты болды, - деп хабарлайды "Р-Спорт" jamaica-gleaner.com басылымына сілтеме жасап.

Ескерткіштің ашылу салтанатына Ямайка премьер-министрі Эндрю Холнесс, Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының ассоциациясы (IAAF) басшысы Себастьян Коу және ямайкалық спортшының өзі қатысты. Үйреншікті кейпінде тұрған Болттың мүсіні бейнеленген ескерткіш Ұлттық стадион маңында орнатылды. 

"Қазіргі әсерімді жеткізуге сөз таба алмай отырмын. Мен барлығын осы жерде бастадым, Ұлттық стадионда менің ескерткішім тұрады дегенді ойлап та көрмеппін", - деді 31 жастағы спортшы. 

Болт 2016 жыоы Ямайка құрамасының сапында жүріп, Рио-де Жанейро Ойындарында эстафетада жеңіске жетіп, әлемнің тоғыз дүркін олимпиада чемпионы атанды. Лондонда өткен әлем чемпионаты-2017 жарысында 100 және 200 метрге жүгіруден әлемдік рекорд орнатқан Болт спорттан кететінін айтты. 

Жарнама

Живи спортом!