Әлемдік рекорд орнатқан марафоншы 24 жасында қаза болды
Марафонда әлемдік рекорд орнатқан Келвин Киптум 24 жасында көз жұмды. Кениялық желаяқ 11 ақпан күні түнде көлік тізгініне ие бола алмай қалған.
Марафонда әлемдік рекорд орнатқан Келвин Киптум 24 жасында көз жұмды. Кениялық желаяқ 11 ақпан күні түнде көлік тізгініне ие бола алмай қалған.
Жол-көлік оқиғасы өз елінде болған. Марафоншы айдап келе жатқан "Тойота Премио" көлігі жол бойындағы ағашқа соғылған. Полиция ақпараты бойынша Келвин Киптум көлікті басқара алмай қалған. Оқиға орнында спортшы мен жаттықтырушысы Жерве Хакизиман көз жұмды. Ал олармен бірге болған Шэрон Кости есімді әйел ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
Pictures of Kelvin Kiptum 's alleged car that was involved in accident along Eldoret-Kaptagat Road taking away the World record holder's life. pic.twitter.com/Dg3Co5MHhH
— EDGAR ?? (@edgarwabwire_) February 11, 2024
Келвин Киптум Кениядан шыққан талантты спортшылардың бірі болды. Желаяқ 2023 жылы отандасы Элиуд Кипчогенің марафондағы рекордын жаңартты. 42 шақырым, 195 метрді 2 сағат 35 секундта жүгіріп өтті. Рекордын Чикаго марафонында тіркеді. Ал биыл 14 сәуір күні Роттердамда өтетін марафонда ол 2 сағат ішінде жүгіріп жетуге дайындалып жүрген.
"Роттердам. 14 сәуір. Мен сонда ең жоғары жылдамдықта жүгіретін боламын. Жолы керемет, ал қолдаушылары одан асады. Осы марафонды тарихта қалдырғым келеді. Егер дайындық ойдағыдай болып, күн райы көмектесетін болса, онда мен жаңа рекорд жасаймын", - деген еді спортшы соңғы сұхбаттарының бірінде.
Спортшының жүгіруді бастауының өзі бір тарих. Марафоншылар дайындығын стадионнан бастаса, Келвин Киптум жүгіруді тас жолдан бастаған. Оның жарыстарға барып, стадиондарда жаттығуға ақшасы болмаған. Тіпті 2018 жылы марафонда біреудің крассовкасын сұрап алып жүгірген. Кейіннен жаттықтырушысы Жерве Хакизиман көмегімен әлемдік марафонның жұлдызына айналды.
Келвин Киптумның артында әйелі мен екі баласы қалды. Биыл желтоқсан айында 24 жасқа толар еді. Ал жуырда ғана World Athletics оның рекордын ресми түрде әлемдік үздік көрсеткіш деп таныған болатын.
Жарнама