30 мыңды жеткізбеген желаяқ. Бейжің марафонында қазақ жігіті бірінші келді

©Inform.kz

6 қараша Бейжіңде өткен марафонда Іле ауданының қазағы Елеубек Қуанұлы чемпион атанды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" қытайдың Guangming Daily басылымына сілтеме жасап. 

Бейжің марафоны биыл 40-рет өтіп отыр. Қытайда ол "ұлттық марафон" аталып кеткен. Бұл спорт шарасы локдауннан кейінгі үзілістен соң қайта жандана бастады. 

Қытай астанасындағы Тяньаньмэнь алаңынан басталып, Олимпия саябағына дейінгі 42 шақырымды Елеубек 2 сағат 14 минут 34 секундта еңсеріпті. Бұл Бейжің марафонындағы кейінгі 20 жылда тіркелген ең жақсы нәтиже. 

2019 жылы бұл жарысқа 160 мың адам қатысқан екен. Локдаунға байланысты қатысушылар саны күрт шектеліп, 20 жастан асқан астана тұрғындарына ғана қатысуға рұқсат етілді. Дегенмен биыл марафонға 30 мың адам қатысыпты.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар