Зульфия Чиншанло Түркияда алтын медаль еншіледі

©Reuters

Қазақстандық зілтемірші Зульфия Чиншанло Ислам ойындарының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Түркиядағы байрақты бәсекеде отандасымыз 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 220 келіні (95+125) бағындырды.

Спортты дамыту Дирекциясының мәліметінше, Чиншанло екінші орын алған атлеттен 18 келі көп көтерген.

Осылайша, Қазақстан құрамасының ауыр атлеттері Анадолы жеріндегі жарыста бесінші алтын медальді еншіледі.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар