Ерасыл Омаров ауыр атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатында құрама қоржынына жүлде салды. Бұл туралы ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.
"55 келіге дейінгі салмақта біздің спортшы үшінші болды!
Бірінші жаттығуда Ерасыл барлық үш тәсілді жүзеге асырып, 104 келі салмақта тоқтады. Алайда, “серпе” көтеру кезінде біздің спортшы салмақты тек үшінші әрекеттен игерді - 228 келі (104+124)
Ерасыл мен бүкіл командамызды құттықтаймыз! Тамаша бастама!", - делінген федерацияның ресми инстаграм парақшасында.