Тимур Құлыбаев алтын алған Арли Чонтейді құттықтады

©olympic

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитет президенті Тимур Құлыбаев Ташкенттегі әлем чемпионатында жеңімпаз атанған Арли Чонтейді құттықтады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Қазақстандағы барша олимпиадалық жанұя атынан Сізді Ташкенттегі әлем чемпионатындағы жеңісіңізбен құттықтаймын. 

Сіздің алтын жүлдеңіз жылдар бойы жалғасқан тынымсыз жаттығу мен еңбектің арқасында келді. Жанкүйерлер сіздің 2018 жылы Ашхабадта жеңіп алған күміс жүлдеңізді ұмытқан жоқ.

Бүгінгі керемет көрсеткіштен соң адал еңбектің жақсы нәтижемен оралатыны тағы да дәлелденді. Ұзаққа созылған пандемия барлық салаға салқынын тигізіп, спорттық жарыстар күнтізбесіне де өзгеріс енгізген шақта чемпион атану жеңістің бағасын одан әрі арттыра түседі. 

Сіздің бапкерлеріңіз Михаил Сорокин мен Виктор Ниді де жетістігімен құттықтаймын!

Бұл жеңіс үлкен спорттағы қадамын енді аттаған көптеген жас атлеттерге жігер беретініне сенімдімін!

Зор денсаулық пен толағай табыстар тілеймін", - делінген құттықтау хатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар