Қазақстандық зілтемірші Азия чемпионы атанды

©ҚАФ

Қазақстандық зілтемірші Асылжан Бектай Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бектай 89 келіге дейінгі салмақта сары құрлықтың алтынын алды. Оның нәтижесі – 362 келі (165 келі жұлқа +197 серпе).

Екінші орын 361 келіні бағындырған қырғызстандық Эмиль Молдодосовқа бұйырды. Ираннан келген Масуд Шатраей (358 келі) үздік үштікті түйіндеді.

Еске салайық, бұл Қазақстан құрамасының қоржынына түскен үшінші медалі болды. Осыған дейін Зульфия Чиншанло алтын және Арли Чонтей күміс жүлдегер атанған еді.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар