Қазақстандық зілтемірші әлем чемпионатының жүлдегері атанды

©olympic

Грекияның Ираклион қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионында Алексей Чуркин күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz

73 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Алексей 329 (146+183) келіні ырқына көндірді.

Бұл салмақта индонезиялық Жулиансиах Ризхи топ жарса, америкалық Риан Енри үшінші орын алды. 

Сондай-ақ, осы салмақта тағы бір отандасымыз Пётр Хребтов сынға түсті. Ол 307 (137+170) келі көрсеткішімен 5-орынға жайғасты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар