Атлетика
9 сәуір 2018 10:47
 
Қазақстандық спортшы қыз "Ганновер марафонында" екінші орын алды

  Пікірлер

blog.share

Қазақстандық спортшы қыз "Ганновер марафонында" екінші орын алды Ақмарал Мейірман Instagram

Қазақстандық спортшы қыз Ақмарал Мейірман жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын "Ганновер марафонында" екінші орын алды.

Ақмарал Мейірман марафон жолын (42 шақырым, 195 метр) 2 сағат 55 минут, 58 секундта жүгіріп өтті. Ал бірінші болып кениялық желаяқ қыз Агнес Кипроп келді. Ол марафон қашықтығын 2 сағат 32 минут 35 секундта бағындырды. Үшінші орынға неміс Айда Стаклхут (03:03:13) ие болды.

- Ганновер марафонында екінші орын алдым. Мені допинг тексеруге шақырды. Қалғанын сосын баяндаймын. Жарақатыма қарамай, жүгіруге шыққаныма қуандым. Ал екінші орын аламын деп ойламаппын. Тіпті Германияда! Кениялықтан кейін келдім. Қолдауларыңызға рақмет. Сіздерді жақсы көремін, менің отбасым! - деп жазды.

Ақмарал Мейірман алғаш рет 2015 жылы "Алматы марафонына" қатысқан. Жарыстың 32 шақырымында аяғын жарақаттаса да, мәре сызығына жеткен. Ол кезде 42 шақырым 195 метрді 6 сағатта жүріп өткен. Осы жарыстан кейін кәсіби түрде айналысуды ойлап, мансабын бастаған. 2016 жылы "Астана марафонында" бақ сынап, қыздар арасында бірінші орын алды.

33 жастағы спортшы үш баланың анасы. Алғашында күйеуі жүгірумен айналысуына қарсы болғанмен, кейіннен басты қолдаушыларының біріне айналды. Ақмарал қазіргі таңда әлемнің ең танымал марафондарына қатысып келеді. Олардың қатарында Париж марафоны да бар. Екі жыл ішінде 4 ультрамарафон мен 15 марафонға қатысқан.

Ақмарал Мейірман – жеке кәсіпкер, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының президенті.

Жарнама

Живи спортом!