Қазақстандық жеңіл атлетші Чехиядағы турнирге қатысты

©altayproteam

Қазақстандық спортшы жеңіл атлетикадан Чехияда халықаралық жарысқа қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Ұлттық құрама мүшесі Галина Якушева спорттық жүріс бойынша WA Race Walking Tour Gold Meeting додасында бақ сынады. 

Отандасымыз 20 шақырым қашықтықты 1:35:44 уақытта бағындырды. Жарыс қорытындысы бойынша ол 17-орынға жайғасты. 

Айта кетерлігі, аталған жарыста Мексика спортшысы Ортуно Валерия топ жарды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар