Қазақстандық екі жеңілатлетші әлем чемпионатына жолдама алды
©olympic
Қазақстан командасының тағы екі өкілі жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы әлем чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстан командасының тағы екі өкілі жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы әлем чемпионатына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ольга Рыпакованың жүлдесіне арналған халықаралық турнирде Ольга Сафронова әлемдік сынға қатысу мүмкіндігін алды. Ол 60 метрді 7.26 секундта жүгіріп өтті.
Ал Михаил Литвин Қазақстан кубогіне қатысып, әлем біріншілігіне жолдама алды. Ол 400 метрді 46.46 секундта жүгіріп өткен.
Айта кетелік, бұған дейін биіктікке секіруден Надежда Дубовицая мен Давид Ефремов жолдама алған болатын.
Әлем чемпионаты 2022 жылдың 7 наурызында өтеді.
Жарнама