Атлетика
14 қазан 2022 20:11

Қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатының жүлдегері атанды

©instagram.com/bwf.bh

Аиша Омарова ауыр атлетикадан Бахрейнде өтіп жатқан Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақта қос сайыс қорытындысы бойынша 217 (93+124) келіні бағындырды.

Бұл салмақта алтын медаль Ираннан келген Сайедехелхам Хоссейниге бұйырды. Ол 227 (102+125) келіні көтерді. Екінші орын жапон қызы Мотока Накажимаға бұйырды - 223 (100+123).

Еске салайық, аталмыш жарыста осыған дейін Зульфия Чиншанло мен Асылжан Бектай алтын алса, Арли Чонтей күміс және Арай Нұрлыбекова қола медаль алды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport