auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Азияның ең жылдам спортшысы атанған қазақстандық 4 жылға шеттетілді

Қазақстандық тағы он спортшы допингпен ұсталды.

Азияның ең жылдам спортшысы атанған қазақстандық 4 жылға шеттетілді
gagarin.tm©
Ұлттық антидопингтік орталық сайтында қанында тыйым салынған дәрмектер анықталғаны үшін шеттетілген спортшылардың тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Бұл тізімде 2016 жылғы Риодағы Олимпиадаға қатысқан қазақстандық жеңіл атлет Юлия Рахманова бар. Риода ол 100 метрден 4 жүгіретін эстафетаға қатысқан. 

27 жастағы спортшы қыздың қанынан тыйым салынған "метастерон" табылған және ереже бойынша ол 2018 жылдың 15 маусымынан бастап 4 жылға шеттетілді. 

Спортшы қыз 2015 жылғы Кванджуда өткен Бүкіләлемдік Универсиаданың алтын жүлдегері. Ол кезде Рахманова 4 адам 400 метрден жүгіретін эстафетаның қола жүлдегері атанған еді. 2016 жылы 100 метрге жүгіретін Азияның ең жылдам спортшылары тізіміне енген болатын. 


Сурет спортшы қыздың жеке мұрағатынан.

Бұл тізімде тағы бір жеңіл атлет Тошәлі Әліқұлов, тай-боксшылары Дмитрий Зуев, Николай Самусев, Аян Тажанов, Қазбек Сағындықов, Жәнібек Қанатбаев, Намик Нефталиев, Фарух Гусейнов, Вадим Лопарев және балық аулаушы Ержан Уахитов бар. 

Осылайша, 2018 жылы 17 спортшы допингпен ұсталды. Мұның алдында допингтік ережелерді бұзғаны үшін алты спортшы: биатлонист қыз Анна Кистанова, шаңғышы Ердос Ахмадиев, байдаркашы қыз Софья Емельянова, ауыратлет Еркебұлан Айдынұлы және греко-рим стилінде күресетін палуандар Ерасыл Мамырбеков, Сәрсенбай Қалдыбаев жазаға тартылған болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар
8 шілде 2020
13:01