Азия чемпионатындағы үшінші алтын!
©instagram.com/wf_rk/
Қазақстандық зілтемірші Денис Полубояринов жасөспірімдер арасында Азия чемпионатының алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қазақстандық зілтемірші Денис Полубояринов жасөспірімдер арасында Азия чемпионатының алтын жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Ташкенттегі сары құрлықта отандасымыз 81 келіге дейінгі салмақта 313 (140+173) келіні бағындырды.
Еске салайық, осыған дейін құрама қоржынына Емберді Едіге мен Әлішер Байбуров алтын салған еді. Cонымен қатар, 61 келіде Азамат Төлеген мен 55 келіге дейінгілер арасында Ерасыл Омаров жарыстың қола медалімен марапатталды.
Жарнама