Азия чемпионатындағы алғашқы алтын

©instagram.com/wf_rk/

Ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында құрама қоржынына алғашқы алтын медаль түсті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Ташкент төрінде отандасымыз Емберді Едіге 73 келі салмақта алтыннан алқа тағынды. Ол қос сайыс қорытындысы (136+173) бойынша 309 келіні бағындырды, жұлқа мен серпеде күміс пен алтын жүлдені қоса алды.

Осыған дейін Қазақстан құрамасының сапынан 61 келіде Азамат Төлеген мен 55 келіге дейінгі салмақта Ерасыл Омаров қола жүлдегер атанды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар