Әмен Тұяқовтың құрметіне арналған халықаралық турнир өтті

©olympic

Астанада QAZAQSTAN жеңіл атлетика спорт кешенінің аренасында Әмен Тұяқовтың жүлдесіне жеңіл атлетикадан халықаралық турнир өтті, деп жазады Vesti.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарысты аты аңызға айналған қазақстандық спортшы Әмeн Тұяқов, сондай-ақ, ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев және ҚР Жеңіл атлетика федерациясының бас хатшысы Асхат Сейсембеков ресми түрде ашты.

Турнир бағдарламасына ерлер мен әйелдер арасындағы жеңіл атлетиканың 15 пәні кірді. 

Медальдармен, дипломдармен қатар жүлдегерлерге 100 000, 50 000 және 30 000 теңге мөлшерінде ақшалай сыйлықтарға сертификаттар табыс етілді.

Бірінші халықаралық турнирге Гонконг, Қырғызстан, Тәжікстан, Украина және Қазақстан спортшылары қатысты.

Айта кетейік, Әмен Тұяқовтың жүлдесіне арналған турнир 2022/2023 жылғы қысқы жарыс маусымын ашты және Астанада халықаралық деңгейде өткен жеңіл атлетикадан алғашқы жарыстардың бірі болып табылады.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар