Атлетика
22 қыркүйек 2021 17:27
 

Әлемнің ең сексуалды спортшысы Миландағы сән аптасына қатысады

  Пікірлер

blog.share

Әлемнің ең сексуалды спортшысы Миландағы сән аптасына қатысады ©Алиса Шмидтің инстаграм парақшасынан алынды

Неміс спортшысы Алиса Шмидт осы аптада Миланда өтіп жатқан сән аптасына қатысады.

blog.share

Неміс спортшысы Алиса Шмидт осы аптада Миланда өтіп жатқан сән аптасына қатысады.

22 жастағы бұрымды өзінің инстаграм парақшасында Hugo Boss брендінің моделі болатынын жазған. Миландағы сән салоны қыркүйектің 21-27 күндері өтеді.

Алиса Шмидт 2019 жылы Еуропа чемпионатының қола жүлдесін еншілеген. Спортшының сұлулығына тәнті болған Аустралияның Busted Coverage журналы оған "әлемнің ең сексуалды спортшысы" атағын берген еді.

Еске салайық, Шмидт Германия құрамасымен Токио Олимпиадасына барған делегацияда болды. Алайда аралас және әйелдер эстафетасында жарыс жолына шықпады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!