auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

О'Брайеннің 23 ұпайы "Астанаға" польшалық клубты жеңуге көмектесті

О'Брайеннің 23 ұпайы "Астанаға" польшалық клубты жеңуге көмектесті
© pbcastana.kz

Польшалық "Зелена Гура" клубы Біріңғай ВТБ лигасындағы дәстүрлі чемпионатта өз алаңында "Астана" клубын қабылдап, 91:82 (23:14, 20:21, 26:18, 22:29) есебімен қазақстандық клубтың пайдасына шешілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

5 минуттың ішінде Кеннет Хортон мен Джей Джей О’Брайеннің шығыршық түбіндегі дәл соққыларының арқасында ұпай айырмасы ұлғайта түсті - 15:6. Польша командасының негізгі қаруы жүзеге аспай қалды деуге болады - ойынның бірінші жартысында доға сыртынан лақтырған 15 соққыларының 4-еуі ғана дөп түсті. Сөйтіп, Қазақстан чемпионы үлкен үзіліске дейін алға ұзап кетті - 43:35.

Матчтың үшінші ширек бөлігі алма-кезек шабуылмен өтті. Мұндай ойында "Астана" өзін судағы балықтай сезінді. Қазақ елі клубы қарсыласын қауіпсіз аралықта ұстап, кездесудің осы бөлігі аяқталуға айналғанда шешуші соққы берді. Ойынға тың қосылған Максим Марчук әуелі үш ұпайлық айып соққысын орындауға қол жеткізіп, 30 секундтан кейін үш ұпайлық соққысын дөп түсірді. Есеп - 67:53. Сары-көк жейделілер соңғы 10-минуттықта жеңісті уыстарынан шығарған жоқ.

Осы ойында жеңімпаздар командасындағы Джей Джей О'Брайен үздік ойын көрсетіп, 23 ұпай жинады. Ал қарсылас команда сапында Лукаш Кошарек 16 ұпай иеленді.

Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег: