Леброн Джеймс NBA рекордын жаңартты

Сурет: USA TODAY Sports
"Лос-Анджелес Лейкерс" командасының шабуылшысы Леброн Джеймс Ұлттық баскетбол қауымдастығының рекордын жаңартты. 

Ұлттық баскетбол қауымдастығы биылғы маусымының 1/4 финалында "Лейкерс" ""Хьюстон" командасын 117:109 есебімен жеңді. Бұл кездесуде Джеймс плей-офф кезеңінде ең көп жеңіске жеткен баскетболшылардың қатарына қосылды. Қазір оның еншісінде 161 жеңіс бар. 

Плей-офф кезеңіндегі жеңіс бойынша 35 жастағы Джеймс Дерек Фишермен бірінші орынды бөлісіп тұр. 

Үздік бестікте Тим Данкан (157), Роберт Орри (155) және Карим Абдул-Джаббар (154) секілді баскетболшылар бар. 





Метки: