"Астана" Біріккен ВТБ лигасының жаңа маусымына қатысады

Сурет: vtb-league.com©
Біріккен ВТБ лигасының 2020/21 маусымына 13 клуб қатысады. Оның ішінде елордалық "Астана" баскетбол клубы да бар, деп хабарлайды лиганың ресми сайты. 

Өткен маусымдағыдай биыл да лигада он ресейлік және төрт шет елдік команда ойнайды. "Астанадан" басқа польшалық "Зелена Гура", эстониялық "Калев" және беларуссиялық "Цмоки-Минск" командалары бар. 

Бүгін, 14 шілдке күні лиганың жиыны өтіп, 2020/21 маусымның қашан басталатынын және турнирдің форматы талқыланды. Биылғы маусым 20 қыркүйек күні басталады. 

"20 қыркүйек күні басталатын лигада сегіз үздік команда анықталады. Олап плей-офф кезеңіне өтіп, 2-2-1 жүйесі бойынша өтеді", - делінге хабарламада. 

Айта кетейік, Біріккен ВТБ лигасының өткен маусымы коронавирусқа байланысты тоқтап қалған еді. 




Метки: