auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

"Астана" велошабандозы Норвегиядағы Арктикалық жарыста жалпы есепте екінші келе жатыр

Жарыстың 20-шақырымында 27 адамнан тұратын көшбасшы топ пайда болды.

"Астана" велошабандозы Норвегиядағы Арктикалық жарыста жалпы есепте екінші келе жатыр
© astanaproteam.kz
Норвегияның арктикалық жарысы 184 шақырымнан тұратын кезеңмен басталды. Алғашқы мәре Норвегияның солтүстүгіндегі Киркенес қаласында аяқталды, - деп хабарлайды Vesti.kz елордарлық команданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Жарыстың 20-шақырымында 27 адамнан тұратын көшбасшы топ пайда болды. Оның ішінде біздің Даниил Фоминыхте болды.

"Бүгін жылдам жарыс болды. Орташа жылдамдықтың өзі жоғары деңгейде тіркелді. Қапталдан соққан желдің әсерінен алға озған топ бірнеше бөлікке ыдырады. Нәтижесінде бізді соңғы айналымның бірінде қуып жетті. Бұл шамамен, жарыстың аяқталуына 15 шақырым қалған кез еді. Біздің команданың да мақсаты осы еді. Алдыңғы қатардағы топтың ішінде болу. Қорытындысында Сергей екінші болып мәре сызығын кесті. Менің ойымша бұл өте жақсы нәтиже. Біз бүгінгі жарысқа қойған мақсатымызды барынша орындадық деп есептеймін", - деді мәреден соң Қазақстанның жекелей сындағы чемпионы Даниил Фоминых.

Кезең бірнеше шабандоздан тұратын топтың спринтімен аяқталып, оны голландиялық Матье ван дер Пул жеңді. Ал екінші орынды «Астана» шабандозы Сергей Чернецкий иемденді.

"Жылдам әрі ауыр кезең болды деп айта аламын. Алдыңғы қатарда Даниил болғанының арқасында біздің команда финалға қарай көп күшке ие болды. Кеше жаттығу кезінде біз осы мәрені қарастырып, қатты дайындалып едім.Бірақ Польша турында құлағаным кері әсерін тигізе ме деп ойладым. Бес күн бұрын болған жарақатым аса қатты кедергі келтіре қоймады. Әріптесім Танел Кангерт маған тамаша жағдай жасап берді де соңғы шақырым қалған кезде «Давай!» деді. Мен қатты шабыттанып шыққан едім, бар күшімді салып соңына дейін жұмыс істедім. Өз нәтижеме көңілім толады. Күні бойы қызмет еткен командаға да алғысымды айтамын", - деді Сергей Чернецкий.

Чернецкий сонымен қатар жарыстың жалпы есебінде де екінші орында келеді. Шабандоздарды әлі алда тағы үш кезең күтіп тұр.
Әлеуметтік желілерде бөлісу
Жаңалықтар