"Астана" велошабандозы Азия чемпионатында екі медаль алды
"Астана" велокомандасының велошабандозы Артем Захаров тректегі велоспорт бойынша Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына екі медаль салды - қола командалық жарыста, ал күміс ұпай бойынша топтық жарыста. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.

Жарыс Индонезияда өтті. "Жалпы алғанда нәтиже жаман емес, Азия чемпионатынан екі мадальмен қайтып барамын. Омниумде жол болмады, бірақ мәселе дайындықта емес, сәттіліктің болмауында. Азияда қазір бәсекелестіктің жоғары екенін айтып өтейін, спортшылардың деңгейі айтарлықтай өскен. Токио Олимпиадасына жоспармен келе жатырмыз", - деді Захаров.
Спортшы Индонезиядан Аустралияға аттанды, ол жақта "Астана" клубындағы әріптестерімен бірге 15 қаңтарда "Тур Даун Андер" велокөпкүндігінде сынға түседі.
Олимпиада ойындарына іріктеу аясында спортшы 25-27 қаңтар аралығында Гонконгта өтетін Әлем кубогына қатысады.
Жарнама