Велокоманда "Астана"
10 тамыз 2018 16:43
 

"Астана" велокомандасы италиялық велошабандозбен келісімшартқа отырды

  Пікірлер

blog.share

"Астана" велокомандасы италиялық велошабандозбен келісімшартқа отырды © twitter.com/boaromanuele

"Астана" велокомандасы италиялық велошабандоз Мануэле Боаромен екі жылдық келісімшартқа отырды. Ол 2019 жылы жаңа маусымнан бастап командаға қосылады, - деп хабарлайды Vesti.kz велокоманданың сайтына сілтеме жасап. 

"Спорттық мансабымдағы жаңа кезеңге қадам бастым. Алдағы екі жыл бойы мен "Астана" клубының намысын қорғайтын боламын. Жаңа түстер, жаңа достар, жаңа жарыстар... Бұл үшін менде әлі күш-жігерім жетіп артылады. Командаластарым үшін үлгі болғым келеді. Александр Винокуровтың маған деген сенімін ақтағым келеді", - дейді Мануэле Боаро.

Биылғы маусымда Боаро "Хорватия Турын" жеңді, ал оның ең үздік көрсеткіші ретінде 2014 жылғы "Дания Туры" және 2015 жылы "Сиркуит Сиклист Сарт" жарысында және Италия чемпионатында (2011 және 2016 жылдары) екі рет күміс медальды иеленген.

"31 жастағы Мануэле Боаро жекелей жарыста, таулы аймақтағы жарыстарды жақсы меңгерген. Ол команданың көшбасшысына жақсы көмек береді және жауапкершілікті өз мойнына алудан қашпайды", - дейді астаналық клубтың бас менеджері Александр Винокуров.


blog.share
"Астана" велокомандасы италиялық велошабандоз Мануэле Боаромен екі жылдық келісімшартқа отырды. Ол 2019 жылы жаңа маусымнан бастап командаға қосылады, - деп хабарлайды Vesti.kz велокоманданың
сайтына сілтеме жасап. 

"Спорттық мансабымдағы жаңа кезеңге қадам бастым. Алдағы екі жыл бойы мен "Астана" клубының намысын қорғайтын боламын. Жаңа түстер, жаңа достар, жаңа жарыстар... Бұл үшін менде әлі күш-жігерім жетіп артылады. Командаластарым үшін үлгі болғым келеді. Александр Винокуровтың маған деген сенімін ақтағым келеді", - дейді Мануэле Боаро.

Биылғы маусымда Боаро "Хорватия Турын" жеңді, ал оның ең үздік көрсеткіші ретінде 2014 жылғы "Дания Туры" және 2015 жылы "Сиркуит Сиклист Сарт" жарысында және Италия чемпионатында (2011 және 2016 жылдары) екі рет күміс медальды иеленген.

"31 жастағы Мануэле Боаро жекелей жарыста, таулы аймақтағы жарыстарды жақсы меңгерген. Ол команданың көшбасшысына жақсы көмек береді және жауапкершілікті өз мойнына алудан қашпайды", - дейді астаналық клубтың бас менеджері Александр Винокуров.


Жарнама

Живи спортом!