Бокстан Қазақстанның ерлер құрамасы Токиода аяқталған Олимпиада ойындарында командалық есепте тоғызыншы орын алды, деп хабарлайды Vesti,kz порталы.
Жапония жерінде біздің боксшылар тек екі қола алды. Ол жүлделерді Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосынов ұтты.
Ал жалпыкомандалық есепте Куба құрамасы алды. Соңғы рет бостандық аралының өкілдері командалық есепте 2004 жылы топ жарған болатын. Екінші орында Ұлыбритания құрамасы болса, үшінші сатыға Ресей құрамасы жайғасты.
Олимпиада ойындарының командалыө көрсеткіштері:
1. Куба - 5 медаль (4 алтын, 1 қола);
2. Ұлыбритания - 4 (1+2+1);
3. Ресей - 6 (1+1+3);
4-5. Бразилия, Өзбекстан - 1 (1+0+0);
6. АҚШ - 3 (0+3+0);
7. Филиппин - 2 (0+1+1);
8. Украина - 1 (0+1+0);
9. Қазақстан - 2 (0+0+2);
10-16. Австралия, Әзірбайжан, Армения, Гана, Ирландия, Жаңа Зеландия, Жапония - 1 (0+0+1).