Олимпиада
6 тамыз 2021 11:16
 

Үш Олимпиаданың жүлдегері болған қазақстандық атлет карьерасын аяқтады

  Пікірлер

blog.share

Үш Олимпиаданың жүлдегері болған қазақстандық атлет карьерасын аяқтады Сурет: AvaxNews

Қазақстандық жеңілатлет Ольга Рыпакова Instagram желісіндегі парақшасында өзінің олимпиадалық карьерасын аяқтағанын мәлімдеді. Бұл ретте спортшы Токиодағы ойыннан кейін басқа жарыстарға қатысатын-қатыспайтынын нақтыламады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Қазақстандық жеңілатлет Ольга Рыпакова Instagram желісіндегі парақшасында өзінің олимпиадалық карьерасын аяқтағанын мәлімдеді. Бұл ретте спортшы Токиодағы ойыннан кейін басқа жарыстарға қатысатын-қатыспайтынын нақтыламады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Менің спорттық карьерам Ольга Саладуха мен Катерина Ибаргуэннің осы салада өнер көрсеткен кезіне келгеніне қуаныштымын.

Мен сияқты, олар да Токио Олимпиадасынан кейін карьерасын аяқтап отыр, бірақ олар ең керемет "үштік" болып қала береді. Мен оларды тек қарсыластар ретінде ғана емес, сонымен бірге жақын адамдарым, нағыз достарым ретінде де қатты жақсы көремін және құрметтеймін. Біз сектордан тыс жерде бірнеше рет кездесеміз деп үміттенемін.

Мен оларға барлық жоспары мен армандары шындыққа айналуы үшін, эмоциялар үш қарғып секірудегідей болсын деп, сәттілік тілеймін. Өмірде әрдайым жетістіктер болуы үшін! Құлдырау болмасын!" - деп жазды Ольга Рыпакова.


Ольга Рыпакова - ұзындыққа секіруде, үш қарғып секіруде және көпсайыстан ел атынан шыққан қазақстандық жеңілатлет. Лондон Олимпиадасының чемпионы (2012), Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері (2008) және Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері (2016). 2010 жылғы әлем чемпионы. Токио Олимпиадасынан ол алғаш рет медальсыз қайтты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!