Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарының финалына өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
70 келіге дейінгі салмақта өткен жартылай финалда ол Өзбекстан боксшысы Шавкатджон Болтаевты 5:0 есебімен жеңді.
Төрехан Сабырхан - 2025 жылғы әлем чемпионы, сондай-ақ 2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы.
Бүгін, 30 қыркүйекте жартылай финалда Сабырханнан бөлек Қазақстан құрамасының үш боксшысы өнер көрсетіп, үшеуі де жеңіліп қалды: Алуа Балқыбекова (51 келі) вьетнамдық Нгуен Тхи Тамға, Наталья Богданова (75 келі) Үндістан боксшысы Ловлина Боргохаинге, ал Махмұт Сабырхан (55 келі) филиппиндік Карло Пааламға есе жіберді.
Айти мен Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарындағы бокс жарыстары 21 қыркүйекте басталып, 2 қазанға дейін жалғасады.
Жарнама