Токио Олимпиадасында стенд атудан іріктеу кезеңі аяқталды. Екі күнге созылған бәсекеден кейін қазақстандық мергендер келесі кезеңге өте алмады, деп жазады Vesti.kz тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
"Скит" жаттығуы бойынша сынға түскен спортшылар бес раунд бойы іріктеу кезеңін өткізді. Оның нәтижесі бойынша алты спортшы ғана келесі айналымға өтеді.
Өкінішке қарай, қазақстандық Әсем Орынбай мен Зоя Кравченко үздіктер қатарына іліге алған жоқ. Зоя Кравченко 113 ұпаймен 22-орын алса, Әсем Орынбай 111 ұпаймен 26-сатыда қалды.
Финалға өткен спортшылар көшін 124 ұпай жинаған қытайлық Вэй Мэн бастап тұр.