Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының жартылай финалына шықты.
Олимпиаданың 1/4 финалында 52 келіде өнер көрсететін отандасымыз испаниялық Габриэль Эскобарға қарсы шығып, жеңіске жетті. Кездесудің бірінші раундында отандасымыз қарсыласын нокдаунға түсірді.
Осылайша Сәкен Бибосынов кем дегенде Олимпиаданың қола жүлдесін алды.
Енді жартылай финалда отандасымыз ұлыбританиялық Галал Яфайға қарсы кездесу өткізеді.