Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Әйелдер арасындағы жекелей сында қазақстандық спортшы жартылай финалда Қытай теннисшісі Чжан Шуаймен кездесті.
Путинцева екі сетте де жеңіліп, матч 4:6, 2:6 есебімен аяқталды.
Осылайша Юлия Путинцева Азиада-2026 жарысын үшінші орынмен аяқтады.
Жарнама