Парижге баратын семсершілер іріктелді
Парижде басталатын жазғы Олимпиада ойындарында шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасы өнер көрсетеді. Бүгін Олимпиадада сынға түсетін спортшылар есімі жарияланды, деп жазады Olympic.kz.
Парижде басталатын жазғы Олимпиада ойындарында шпагамен семсерлесуден Қазақстан командасы өнер көрсетеді. Бүгін Олимпиадада сынға түсетін спортшылар есімі жарияланды, деп жазады Olympic.kz.
Шпагамен семсерлесуден жекелей сында Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов және Вадим Шарлаимов сынға түседі. Жарыс ережесі бойынша, жекелей сында әрбір мемлекеттен ең көп дегенде үш спортшы ғана бақ сынай алады.
Ал Ерлік Сертай жекелей сынға қатыспайды. Ол командалық жарыста ұлттық құрамаға көмекке келіп, Париж Олимпиадасының жүлдесіне таласпақ. Командалық жарыста Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов және Ерлік Сертай сынға түседі.
Олимпиада алдындағы соңғы жаттығу жиынын шпагашылар Испанияда өткізбек.
Айта кетелік, шпагамен семсерлесуден Қазақстан ерлер командасы әлем кубогі кезеңдерінің қорытындысы бойынша Олимпиада жолдамасын иеленді.
Жоғарыда аталған төрттік жақында Кувейтте өткен Азия чемпионатында топ жарып, әлемдік рейтингте төртінші орынға көтерілген болатын.
Жарнама