Азиада
23 шілде 10:56

Өзбекстан ғана емес! Қазақ боксшылардың Олимпиаддағы басты қарсыластары аталды

©Өзбекстан бокс федерациясы

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында Париж Олимпиадасында Қазақстан боксшыларына басты қарсылас болатын елдерді атады. 

- Олимпиадада біздің боксшылардың басты қарсыластар кім деп ойлайсыз?

- Қазір қарсылас өте көп. Егер бұрын тек үш-төрт мемлекет қана босла, ары кетсе бес, мына Олимпиадада өте көп. Африка, Азия, Еуропа, Американың көптеген елдері, Аустралия, Жаңа Зеландия бар. Көптеген елдерде спорт қазір қатты дамыған. Токиодан кейін, әлем чемпионатында елдердің көбі қатты өсіп кеткенін байқадық. Бұл Олимпиадаға іріктеудің екі турнирінде де байқалды, бокс көп жерде дамып кетті. Бразилия мен Аустралия сияқты елдер де айтарлықтай өскен. Сондықтан қазір үш-төрт емес, он шақты басты қарсылас бар. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport