"Өмірде көп қиналдым". Аманқұлды жеңген бразилиялық Олимпиаданың алтын жүлдесі жайлы
Бокстан 75 килода Олимпиада ойындарының чемпионы атанған бразилиялық Эберт де Консейсан Соуза алтын жүлдесі жайлы пікірін білдірді, деп жазады "Чемпионат".
Бокстан 75 килода Олимпиада ойындарының чемпионы атанған бразилиялық Эберт де Консейсан Соуза алтын жүлдесі жайлы пікірін білдірді, деп жазады "Чемпионат".
"Мұның барлығын сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Сөзсөз, бұл менің өмірімдегі ең маңызды сәт. Өмірде көп қиналдым. Қазір бірақ мен Олимпиада чемпионымын. Бразилиядан шыққан чемпионмын. Маған жанкүйер болған барлық жандарға алғыс айтамын", - деді боксшы.
Айта кетейік, Олимпиада ойындарының финалында Соуза Александр Хижнякты нокаутқа түсірді. Негізі оған дейін украиналық боксшы ұпай көрсеткіші бойынша жеңіп тұрған.
Ал 1/4 финалда бразилиялық боксшы отандасымыз Әбілхан Аманқұлды жеңді.
Жарнама